Сарыағаштықтар аудан әкімінен тұрғын үй мәселесін шешіп беруді сұрады

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев жергілікті тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесу барысында ауыл тұрғындары жеке мәселелері бойынша аудан басшысынан көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қабылдау кезінде аудан тұрғындары жер мәселесі жайында, тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты өздерін мазалаған сұрақтармен бөлісті. Мәселен, бір тұрғын құқықтық мәселе бойынша кеңес сұраса, енді бірі жұмыссыздық проблемасын қозғады. Бірқатар азаматтар тұрғын үй мәселесін шешіп беруді сұрады.

Әкіммен кездескендер сондай-ақ, жол, ауыз су, жердің ифрақұрылымдық құжаттарын рәсімдеу сынды өздерін толғандырған мәселелерін жеткізіп, ұсыныстарын айтты. Аудан басшысы әр тұрғынның өтінішіне жіті мән бере отырып, заң аясында түсіндірме берді.

Тұрғындар тарапынан айтылған сауалдар мен өтініштер бойынша тиісті сала басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеп, бақылауға алатындығын жеткізді. Тұрғындар тарапынан айталған өтініштер мен ұсыныстарға толыққанды жауап беріп, кейбір мәселелерді шешудің тәртібін түсіндірді. Осы бағытта нақты әрі жоспарлы жұмыс жүргізілетінін айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар