Сарыағаштық егіз жігіттер өмірінде алғаш рет дауыс берді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Сайлауда сарыағаштық егіздер алғаш рет дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарыағаш ауданы Көктерек кентінің тұрғындары егіз Бақытжан мен Бағлан Асановтар президент сайлауында алғаш рет өз дауыс берді.

Көктерек кентінде орналасқан №672 сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасаған қос азаматқа арнайы сыйлық табысталды.

«Сайлауда дауыс беру - азаматтық борышымыз деп білемін. Сондықтан бұл шараға іштей дайындалдық.«Қалай болады екен» деп қобалжыдық. Бүгін алғаш рет сайлау учаскесіне келіп дауыс беріп, өз таңдауымызды жасап отырмыз»-дейді олар.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданы бойынша 79 сайлау учаскесі бар.

Олар сағат таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар