Сарыағаштық 26 жастағы келіншек өмірге үшем алып келді
2022 жылғы 8 маусым 16:52

Сарыағаштық 26 жастағы келіншек өмірге үшем алып келді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Сәбилерге Ардана, Елдана, Нұрдана есімдері берілді, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда жас ана мен нәрестелердің денсаулығы жақсы. Қазір үйлерінде күтім жасалып жатыр. Бұған дейін отбасында бір ұл болған. Сондықтан сарыағаштық Тойшиевтер бірден көп балалы отбасына айналды.

Бүгін Сарыағаш қаласының әкімі Мұхит Доспулов үшемнің ата-анасы Берік Тойшиев пен Ақбөпе Кеңесқызын арнайы барып құттықтады. Сәбилерге сый-сияпат жасап, ізгі тілегін білдірді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Сарыағаш ауданында 2 696 сәби өмірге келген. Оның ішінде 25-і егіз, 1-еуі үшем.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT