Сарыағаштағы мектеп қызметкері суицид жасады

Фото:
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Сарыағаш ауданындағы мектеп қызметкері сірке суына уланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ІІМ мәліметінше, 20 қаңтарда Сарыағаш аудандық полиция басқармасына орталық ауруханадан жергілікті тұрғынның сірке суына уланып түскені туралы хабарлама келген. Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына барды.

«Анықталғандай, жәбірленуші аудан мектептерінің бірінде қызмет істейді. Аталған дерек Қылмыстық Кодекстің 105-бабы 1 бөлігі «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркелді.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі және болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады», -делінген ведомство хабарламасында.

Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар