+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Сарыағашта жүкті әйел «жәрдемақы алып беремін» деп 18 адамды алдап соққан

2020 жылғы 22 мамыр 14:53
Бөлісіңіз:
Сарыағашта жүкті әйел «жәрдемақы алып беремін» деп 18 адамды алдап соққан

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Сарыағаш ауданында полицейлер 18 адамның ақшасын жымқырған алаяқты ұстады. Бұрын сотталған әйел «мемлекеттен әлеуметтік көмек алып беремін» деп тұрғындарды алдап соққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 725 адамның 180 мың долларын қалтаға басқан алаяқ әйел ұсталды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқ әйелді ұстауға жергілікті тұрғындардың арызы негіз болған.

Полицияға келген жас қыз өзіне жақсы таныс емес әйелдің «мемлекет тарапынан берілетін ай сайынғы әлеуметтік көмекті алып беремін» деп сендіріп, оған 30 мың теңгесін бергенін айтқан.

Күдіктіні ізестірген тәртіп сақшылары оны қолға түсірген. Күдіктінің бұған дейін де адамдарды «көлік жүргізу куәлігін алып беремін» деп алдап, сан соқтырып кеткені анықталған.

«Тергеу барысында күдіктінің бұдан бөлек осындай 17 жайтқа қатысы бары анықталды. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгеге жуықтаған. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Әйелдің кішкентай 2 баласы бар және жүкті. Осыған байланысты ол қолхатпен босатылды» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT