Сарыағашта жүк көлігі жолдан шығып кетіп, ұзын-сонар кептеліс болды

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы аумағындағы республикалық маңызы бар жолда көлік кептелісі орын алды. «Шымкент-Шыназ» тасжолының Жібек жолы және Қабланбек ауылдық округтерінің аумағынан өтетін бөлігінде бұзылып қалған жүк көлігі тайып, жолды жауып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, қалың қардың салдарынан қысқы дөңгелекке ауысып үлгермеген жүргізушілер әбігерге түскен. Тағы бір жүк көлгі оталмастан, жолда тұрып қалған. Республикалық маңызы бар жолдағы кептелісті реттеп, жолды жауып қалған көлікті шетке шығаруға ауданның №14 өрт сөндіру бөлімінен АЦ-5,5-40 өрт сөндіру автокөлігі мен 5 жеке кұрамы, жол патрульдік полиция қызметінің 2 техникасы мен 6 қызметкері жұмылдырылған. Жол сақшылары көлік қозғалысын реттесе, аудан әкімдігі мен «ҚазАвтожол» мекемесінің қызметкерлері және 2 КДМ техникасы құм себу жұмыстарын жүргізген. Шұғыл әрекет етудің нәтижесінде екі көлік те жолдан шығарылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілген.


Соңғы жаңалықтар