Сарыағашта жоғалған жасөспірім табылды

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат –Сарыағашта із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД мәліметінше, жоғалған баланың анасы ұлының 15 қыркүйекен бері хабарсыз кеткеннін айтқан.

Оның айтуынша, бұрын соңды баласының мұндай орынсыз әрекеті болмаған. Сабақта үлгілі, тілалғыш бала болған.

«Бұл шараға арнайы 4 мобильдік топ құрылып, учаскелік полиция инспекторлары мен жедел уәкілдер жұмылдырылады. Нәтижесінде мектеп оқушысы бір жарым тәуліктен соң Қапланбек елдімекеніндегі жолдың бойынан табылған. 16 жастағы бала анасына табысталды»- делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Сарыағаш АПБ-нің психолог мамандары жасөспірім баланың қалайша із-түссіз жоғалып, қайда түнегенін анықтау үстінде.


Соңғы жаңалықтар