Сарыағашта заңсыз жолаушы тасымалына қарсы рейд өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында заңсыз жолаушы тасымалына тосқауыл қою мақсатында кезекті рейдтік іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыағаш ауданында өткен ауқымды шараның негізгі мақсаты - жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастырумен өткен рейдтік шараға Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Сарыағаш ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы, Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясы мен Сарыағаш ауданының полиция бөлімі атсалысты.null

Өткізілген рейд нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзу туралы» Кодексіне сәйкес, жолаушылар көлігіне қатысты 25 хаттама түзілді. Бірлескен шара алдағы уақытта жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар