Сарыағашта үй алуға көмектесемін деп 4,5 млн теңгені қалтасына басқан әйел ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында баспана алуға көмектесемін деп жергілікті тұрғынның қомақты ақшасын алдап алған алаяқ әйел ұсталды. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі - 4,5 млн теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяққа алданған әйел өткен жылы Сарыағаш аудандық полиция басқармасына арызданған. Оның сөзінше, күдікті бастапқыда баспаналы болуға көмек беремін деп жәбірленушінің сеніміне кірген. Сөйтіп жарты миллион теңгеден астам ақшасын алған. Кейіннен бұл сома 4,5 млн теңгеге жеткен. Нәтижесінде не баспанасы жоқ, не ақшасын қайтара алмаған тұрғын сан соғып қалған. Жедел-іздестіру шарасы барысында полицейлер күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған материалдар айыптау актісімен сотқа жолданды. Полицейлер ұсталған әйелдің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар