Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Сарыағашта үш айлық қызын өлтірген келіншек 15 жылға сотталды

2022 жылғы 6 маусым 16:33

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Қайын енесімен ұрысып қалған келіншек сәбиімен бірге Келес өзеніне секіріп кеткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болған.

Қайын енесімен ұрысып қалған келіншек емханаға барар жолда өзін және сәбиін өлтіруге бел байлаған.

Содан Келес өзенінің суына қызымен бірге секіріп кеткен. Сол кезде үш айлық сәбиі суға тұншығып қалған.

Түркістан облысының қылмыстық істерге мамандандырылған ауданаралық соты жас ананы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды.

Келіншек 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.


Автор:

Қайрат Зайнишев

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары