Сарыағашта төтенше жағдай кезінде жезөкшелер қызмет көрсететін сауна анықталды

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында төтенше жағдай кезінде жезөкшелер қызмет көрсеткен сауна анықталды. Онда «жеңгетайлық» жасаған жас қыз бен өзбекстандық жезөкшелер ұсталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сарыағаштық тұрғын облыстық криминалды полиция басқармасына арызданған. Ол Сарыағаш қаласында жеңіл жүрісті қыздар қызмет көрсететінін саунаның барын айтқан. Бұл жәйттің толық мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері арнайы жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, шағымданушы айтқан саунаның жұмысын әшкерелеген. Онда үш жезөкшенің қызмет көрсететіні анықталды. Саунадан айғақты зат ретінде ақша тәркіленіп алынған.

«Саунадағы Өзбекстан Республикасының 2 азаматшасы Сарыағаш АПБ-не жеткізіліп, азаматтарды қабылдап тарату орнына қамалды. Сондай-ақ сауна әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 476-«Төтенше жағдай режимін бұзу» бабымен хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта аталған жайт «Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары қазіргі таңда істің толық мән-жайын анықтауда», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар