Сарыағашта тегін медициналық көмектің тетіктері түсіндірілді

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер түсіндірілді. Жаңа жүйенің арқасында азаматтар өз таңдауы бойынша еліміздің аумағындағы кез- келген емханада тегін медициналық көмек ала алатыны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Смаил Тасқұлов төрағалық еткен жиынға облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев, Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Жанар Оспанова мен аудан тұрғындары, әкімдік қызметкерлері мен ауыл әкімдері, әлеуметтік қызметкерлер мен мұғалімдер және кірістер басқармасы қызметкерлері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген А.Асанұлы мен Ж.Оспанова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы баяндама жасап, жаңа жүйенің пайдасы туралы кеңірек түсіндіріп өтті. «Емханаға қажетті қаржыны толығымен қор өтейді. Кез келген дәріханада ұсынылатын дәрілік заттар қол жетімді болады. Сондай-ақ, азамат сақтандыру жүйесі арқылы аударылған жарналар мен медициналық ұйымдарда көрсетілген қызметтер туралы ай сайынғы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болады. Сапасыз қызмет көрсетілсе немесе құқықтары бұзылса, қор арқылы өз мүддесін қорғай алады»,- деді Асхат Бейсенбаев.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Тұрғындар екі түрлі медициналық пакет бойынша көмек алады. Яғни келесі жылы кепілдендірілген медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жүреді.

Соңғы жаңалықтар