Сарыағашта шекарадан гашиш есірткісін алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Жібек жолы» бақылап-өткізу бекетінен есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шекарада Клементина атты ит күдіктіні көрген бойда белгі берген. Оқиға бойынша бірден тексеру жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары оның шалбарының оң жақ қалтасынан полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас затты тапты.

«Полиция қызметкерлері табылған айғақты затты тәркілеп алып, аталған жайтты ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алды. Сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысы шетелдіктен алынған заттың «гашиш» есірткісі екенін анықтады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар