Сарыағашта сайлау учаскесіне келушілер караокеде ән айтып, көрмені тамашалай алады

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Сарыағашта сайлау учаскесіне келушілер караокеде ән айтып, көрмені тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарыағаш ауданы Көктерек кентіндегі №16 И.В. Панфилов атындағы жалпы білім беру орта мектебінде орналасқан №672 сайлау учаскесіне келушілерге ерекше жағдай жасалған.

Сайлау учаскесіне кіре-беріске караоке қойып, көрме ұйымдастырылған. Онда ән айтып, көрмедегі заттарды тамашалауға болады.

Сұрақ-жауап ойындарына қатысып, сыйлық алуға да мүмкіндік бар.

Бұдан бөлек, концерттік бағдарлама ұйымдастырылған.

«Сайлау учаскесіне келушілер патриоттық әндерді айтып жатыр. Баршасының көңіл күйі жақсы. Халық сайлауға да белсенді қатысып жатыр»-дейді қала тұрғыны Б. Абдиханов.


Соңғы жаңалықтар