Сарыағашта полиция тауып алған балалар: «Әкемізді іздеп жүрміз»

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Сарыағаш ауданында полицейлер адасып қалған балаларды анасына қайтарды. Ата-анасы ажырасқан балалар әкесін сағынғандықтан, сол үйге өздері бармақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 жасар қыз бен 10 жасар ұл бала түнгі сағат үштер шамасында Сарыағаш қаласындағы көшелердің бірінде адасып жүрген. Оларды жергілікті полицейлер байқап қалып, не үшін түнде жүргендерін сұрастырған. Алайда қарны аш, қорқып қалған балалар полицейге дұрыс жауап бермейді.

Осыдан кейін Сарыағаш аудандық ПБ Ювеналды полиция тобының инспекторы Мұрат Пернешов тез арада балаларды бөлімге жеткізіп, тамақтандырған. Сондай-ақ, психологты шақырып, балалармен тілдестірген. Мамандардың сауалдарына кәмелет жасына толмаған ұл мен қыз кешкі сағат 17:00 шамасында үйлерінен шығып, әкелеріне бармақ болғанын жеткізген. Олар ата-аналарының ажырасқанын айтып, әкелерін көруге барғанын айтқан. Жеткіншектердің айтқан мәліметі бойынша олардың тұрғылықты мекен-жайлары анықталып, анасына табысталды.

Ал, анасы екі баласының жоғалып кеткенін полицияға хабарламаған. Өз кезегінде екі бірдей баласымен қауышқан ана, полицейлерге алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар