Сарыағашта көліктері бұзылып, жолда қалған ресейліктер құтқарылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Сарыағашта көліктері бұзылып, жолда адасқан ресейліктерге полицейлер көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция тобының аға қызмет инспекторы Бақытжан Аханбаев пен қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Ерболат Диханбаев «Хундай Грета» маркалы автокөлігінің дөңгелегі тесіліп тұрғанын анықтаған.

Көлік жүргізуші Ресей Федерациясының азаматы болғандықтан Қазақстан жолдарын дұрыс білмейтіндігі, соның салдарынан «Жетісай-Шымкент» тасжолын таппай адасқандығы белгілі болған. Олардың жағдайын ескерген полицейлер шетелдіктердің көлігінің техникалық ақауын жөндетіп, тесілген дөңгелегін жөндеп берген.

«Жолда адасып, көлігіміз бұзылып тұрғанда жанымыздан қаншама көліктер зулап өтіп жатты. Алайда полицейлердің қызметтік көлігі жай өтіп кетпе, жанашырлық танытты. Қазақстандық полицейлерге алғысымызды білдіреміз», -деді ресейлік азамат.



Соңғы жаңалықтар