+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Сарыағашта із-түзсіз кеткен 15 жасар қыз төрт күннен соң Шымкенттен табылды

2021 жылғы 22 шілде 00:14
Бөлісіңіз:
Сарыағашта із-түзсіз кеткен 15 жасар қыз төрт күннен соң Шымкенттен табылды

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған 15 жасар қызды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жоғалып кеткен 14 жасар қыз басқа қаладан табылды Оралда 16 жастағы жасөспірім қыз өз үйінен кетіп қалған Алматыда 14 жасар қыз жоғалып кетті

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полициясына жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша, кәмелет жасына толмаған 15 жасар қызы үйінен 4 күн бұрын ешкімге айтпастан шығып кетіп, қайта оралмаған.

Ата-анасы қызын өз бетінше іздеп, таба алмаған. Сарыағаштық полицейлер ата-анасының қызды іздеуге жоғалтқан 4 күнін ескеріп, іздеу жұмысына жеке құрамды жұмылдырды.

Сонымен қатар, арнайы жедел уәкілдер тобы Шымкент қаласына аттанды.

Осылайша жан-жақты жүргізілген іздеу жұмысы нәтиже берді. Полицейлер жоғалған қызды Шымкент қаласынан тапты.

Белгілі болғандай, анасы мен қызы өзара сөзге келіп қалған. Ашуға бой алдырған 15 жасар қыз Шымкент қаласындағы құрбысының үйіне кетіп қалып, телефонын сөндіріп тастаған.

Бүгінгі таңда жоғалған қыз отбасымен қайта қауышты. Тәртіп сақшылары қыз бен оның отбасы мүшелеріне түсіндіру жұмысын жүргізді.

Қызының аман табылғанына риза болған анасы сақшыларға алғысын айтты.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

«Балаларыңыз немесе жақындарыңыз жоғалған жағдайда, тез арада 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз» дейді полицейлер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT