Сарыағашта информатика пәнінің мұғалімі оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімі 9-сынып оқушысын зорлады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда Сарыағаш аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Тағайындалған бірқатар сараптаманың нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

«Сарыағаш полициясына 30 мамыр күні жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, кәмелетке толмаған қызына қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасалған. Аталған жайт ҚР ҚК 122-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті жас жігіт анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды», - дейді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал, облыстық адами әлеуметті дамыту бөлімі берген мәліметке сүйенсек, тәрбие жұмысына салғырт қараған біршама мамандар жұмыстан шеттетілген.

«№8 Айни мектебінің 9-сынып бітірушісі мен информатика пәнінің мұғалімі арасындағы жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Сарыағаш аудандық білім бөлімінің мобильді тобы зерделеу жұмысын жүргізіп, осы мектепте көшпелі алқа мәжілісін өткізді. Нәтижесінде аталмыш мектепте осы уақытқа дейін ата-аналармен кері байланыс орнатпаған мамандар жұмыстан шеттетілді» - делінген басқарманың баспасөз қызметі берген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар