Сарыағашта «Ханбибі оқулары» атты байқау өтті

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Сарыағаш ауданында ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ханбибі Есенқарақызының 70 жылдық мерей тойы қарсаңында облыстық Ханбибі оқулары байқауы ұйымдастырылды. Ақынның шығармашылығын насихаттау және жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға облыс аумағынан 30-ға тарта үміткер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің және ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада аудан әкімінің орынбасары М.Сейтімбетов сөз сөйлеп, үміткерлерге сәттілік тіледі. Ақын Ханбибі Есенқарақызының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Байқауға қатысқан жастардың арасында ақын секілді жыр жазып, көңілге тұнған өнермен өрнектеп жүргендері де бар болып шықты. Олар болашақта Ханбибі апаларындай ақын болып, ел үшін қызмет еткілері келетіндерін жасырмады.Байқаудың ақтық сынына 17 қатысушы іріктеліп, жеңімпаздары анықталды. Өнер сайысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Соңғы жаңалықтар