Сарыағашта балалардың құқығын қорғау мәселелері талқыланды

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Сарыағаш ауданында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі республикалық кеңестің арнайы топ өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Аудан әкімі Мұхит Отаршиев төрағалық еткен жиында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар барысы сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты жанындағы бала құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру туралы ұсыныстарды зерделеу және жинақтау мәселелері жөніндегі «Nur Otan» партиясы жанындағы балаларды қорғау жөніндегі кеңес мүшесі М.Исказина, Қазақстан Республикасының жастар және отбасы істері комитеті басқармасының басшысы Д.Қожаев, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары А.Садыкова, аудан әкімінің орынбасарлары, Nur Otan партиясы мүшелері, бюджеттік мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Келелі кеңесте аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Майрихов балалар құқығын және заңды мүдделерін қорғау жөнінде баяндады. Ал, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары А.Бекмұрзаев және ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы К.Амирбекова жасөспірімдер құқығын қорғау бойынша атқарылған жүйелі жұмыстар туралы айтты.

Жиынды қортындылаған аудан әкімі Мұхит Отаршиев бала құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса беретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар