+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Сарыағашта бағаны көтеріп жіберген дәріханалар анықталды

2020 жылғы 9 шілде 00:43
Бөлісіңіз:
Сарыағашта бағаны көтеріп жіберген дәріханалар анықталды

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Елімізде дәрі-дәрмек бағасының күрт өсу деректеріне байланысты Сарыағаш ауданында да дәріханаларға мониторинг шаралары жүргізілді. Аудан әкімі Мухит Отаршиев бастаған арнайы мониторингтік жұмыс тобы бірқатар дәріханаларға барып, дәрілердің бағасын бақылап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ералы Тоғжанов «СҚ-Фармацияға» коронавирустың екі айлық дәрі-дәрмек қорын құруды тапсырды Атырауға Ресейдегі қандастардан гуманитарлық көмек келді Атырауда дәрі-дәрмек бойынша тұрақтандыру қоры құрылды

Арнайы топ аудандағы орталық базар маңында орналасқан 3 бірдей дәріхананы аралап, бірқатар кемшіліктерді анықтады. Тексеру кезінде дәріханалардың бірінде кассалық аппарат болмаған, кейбірінің бағаларды тым қымбаттатып жібергені анықталды. Тағы бірінде қазіргі таңдағы сұранысқа ие дәрі-дәрмектер болмаған. Оған дәріхана иелері дәрі-дәрмектердің уақтылы жеткізілмеуін себеп болып отырғанын айтты. Бұл ретте аудан басшысы кәсіпкерлерге бағаны шектен тыс көтеру немесе карантиндік талаптар сақталмаған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын ескертті. Мұзхит Отаршиев сондай-ақ, мониторингтік шаралар барысында жергілікті халықпен де сөйлесті. Қандай дәрілер тапшылық туғызып отырғанын сұрап, бұл мәселені шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT