Сарыағашта аудандық соттың судьясы пара алды деген күдікке ілінді

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Сарыағаш ауданы әкімшілік сотының судьясы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып, Сарыағаш ауданындағы мамандандырылған әкімшілік соты судьясының парақорлық фактісін анықтады.

«2019 жылғы 11 желтоқсанда қылмыстық қудалау бойынша артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас прокурор келісім берді. Тергеу шеңберінде, судьяның шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы әкімшілік материалдарды кедергісіз қарастырғаны үшін Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлерінен жүйелі түрде пара алуға қатысы бар-жоғы тексерілуде» делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар