Сарыағашта «Ashyq Turkistan» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтіп жатыр

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ауылдық округтерде «Ashyq Turkistan» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы жолдауы аясында және Агенттіктің бастамасымен құрылған «Түркістан - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жергілікті халықтың арасында сыбайлас жемқорлықты жою мен мемлекеттік мекемелерде ашықтықты қамтамасыз етуді насихаттап жүр.

Бұл күні сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында және Сарыағаш ауданында «Адал жолды таңдаймыз» атты марафон-эстафетасы аясында спорттық іс-шаралар болып өтті. «Рухани келісім» күніне орайластырылған шараға Сарыағаш ауданы мен қала әкімдігі, ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлері мен Сарыағаш ауданы имамдары қатысып, арқан тарту, қол күрес, футбол ойындарынан өзара бақ сынасты.

Айта кетейік, «Ashyq Turkistan» жобалық кеңсесі тұрмыстық, қоғамның билік институттарына сенімін жоғарылату мақсатында құрылып отыр. Бұл жобаны бүгінде облыстың барлық аудандарында, ауылдық округтерде еңгізу ұсынылған болатын.

Аталған жоба агенттіктің төрағасы және облыс әкімі тарапынан жоғары бағаланып, қазіргі таңда республиканың барлық өңірлерінде жүзеге асуда.

Соңғы жаңалықтар