Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.30 EUR 425.22
RUB 5.68 CNY 55.63
Jańalyqtar

Сарыағашта 7 жасар баланы зорлаған 8-сынып оқушысы сотталды

2019 жылғы 10 қаңтар 18:43 612
Бөлісіңіз:
Сарыағашта 7 жасар баланы зорлаған 8-сынып оқушысы сотталды

  ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Абай ауылындағы 7 жасар баланы зорлау дерегі бойынша атышулы іске нүкте қойылды. Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушы ретінде танылған  8-сынып оқушысын 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте 9 жасар қызды зорлады деп күдікке ілінген азамат ұсталды Шымкентте 9 жасар қызды зорлады деген күдікті іздестіріліп жатыр

«16 жастағы айыпталушы Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-ші бөлігінде («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер») қарастырылған қылмыс белгісімен кінәлі деп танылсын. Оған осы баппен педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан екі жыл мерзімге айыра отырып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сот залынан күзетпен қамауға алынсын»,- деді судья Саммедин Темірәлиев.

Айта кетейік, осы жылдың 26 қыркүйегінде басталған сот процесі жабық өтті. Бұған дейін осы істі тергеген ҚР Бас прокуратурасының тергеу тобы 14 кешенді сот сараптамасы мен төрт түрлі зерттеу жүргізілгенін мәлімдеген болатын. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдіктінің үшеуі 14 жасқа толмауына байланысты жазадан босатылған болатын. Тек 16 жастағы балаға қатысты іс қаралды.

Сарыағашта 7 жасар баланы зорлаған 8-сынып оқушысы сотталды 

Еске салайық, ағымдағы жылдың наурыз айында Түркістан облысында 7 жасар баланы зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әлеуметтік желіде «Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлап келген» деген ақпарат тараған болатын. Жеткіншектің әжесі құзырлы органдарға арызданғанымен, бұл жайтқа қатысты тергеу шаралары жүргізілмегенін айтып шағымданған. Аймақ әкімі Жансейіт Түймебаев келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға ескерту мен сөгіс жариялап, бірқатар қызметкерді жұмыстан шеттеткен еді.

Сарыағашта 7 жасар баланы зорлаған 8-сынып оқушысы сотталды 


Сарыағашта 7 жасар баланы зорлаған 8-сынып оқушысы сотталды  

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Заң, Сот,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT