Сарыағашта 55 мың гектарға жуық жер жайылымға беріледі
2022 жылғы 12 тамыз 14:03

Сарыағашта 55 мың гектарға жуық жер жайылымға беріледі

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 55 мың гектарға жуық жер жайылымға берілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарыағаш ауданында жер пайдаланушылардың егістік жерлері егіннен босатылғаннан кейін ауыл тұрғындарының малдарын жаятын жайылымға айналады. Бүгінгі күні бұл бағытта 54 589 га жерге меморандум жасалынды.

Биыл аудан бойынша 3219 га жер учаскесі ауылдық округтердің қосымша ортақ жайылымдарына берілді. Сондай-ақ жыл соңына дейін қосымша 1000 гектарға жуық жер учаскелерін ортақ пайдаланудағы жайылымға беру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, қазіргі таңда аудан аумағындағы 71 елді мекеннің жер-шаруашылық жоспарларына сәйкес барлығы 28262 гектар жер ортақ жайылымға бекітілген.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT