Сарыағашта 13 қабатты тұрғын үй құрылысы басталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 780,2 мың шаршы метр тұрғын үй ел игіліне беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы  жылдың 4 айдың қорытындысы бойынша 296,3 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 2844 пәтер пайдалануға тапсырылды. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 143,5 пайызға ұлғайғандығын көрсетеді.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Сарыағаш ауданына жасаған сапары кезінде аудан орталықтарындағы тұрғын үй құрылыстары жайлы айтылды. Мәселен, Сарыағаш ауданында өткен жылы 19,9 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылған болса, ағымдағы жылдың басынан бері 7,780 шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне берілді.
null

Аймақ басшысы аталған аудандағы сапары кезінде Қапланбек оқу-тәжірибе шаруашылығы аумағындағы 5 қабатты 585 пәтерлі «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынып жатқан 13 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Жобалық құны  407 млн теңге болатын  13 тұрғын үйдің құрылысы  2019 жылы толық пайдалануға берілетін болады деп күтілуде. Өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы тұрғын үйлердің сапасына көбірек көңіл бөліп, құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтау қажеттігін тапсырды.
null

«Қазіргі таңда жаңа Сарыағаш бой көтеріп келеді. Құрылысы басталған 45 пәтерлі 13 тұрғын үй аяқталса, 585 отбасы баспаналы болады. Мұндай жағдай соңғы 45 жылда болмаған. Бұл дегеніміз - Елбасымыздың халқына деген қамқорлығы, елдің мерейі. Сондай-ақ, тұрғын үйлерді салу барысында ауыз су, газ, электр, жылу, жол және абаттандыру жұмыстары сынды барлық инфрақұрылым мәселелеріне шешімін табатын болады. Әсіресе, аудан басшылығына кәріз жүйесінің шешімін табуды тапсырамын», - деді Жансейіт Түймебаев.
null

 Бұдан бөлек, облыс әкімі жоспардан тыс Сарыағаш қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Ондағы көрсетіліп жатқан қызметтермен танысты. Сондай-ақ, сол маңдағы заңсыз құрылыстарды сынға алды. Сапасы сын көтермейтін нысандардың қала көркіне кері әсерін тигізіп жатқандығын айтты. Бұдан өзге облыс әкімі Қапланбек кеден бекеті аймағына тоқтады. Ондағы тозығы жеткен нысандар мен заңсыз сауда нүктелерін ретке келтіріп, кеден маңын абаттандырудың қажеттігін айтты.

«Сарыағаш өзге елмен шекаралас жатқан жер. Театр - киім ілгіштен басталады дегендей, Өзбекстан елінен келген қонақтар ауданға қарап елді таниды. Сондықтан экономиканы, туризмді дамытамыз десек, ең әуелі бет-пердеміз болып табылатын өңірлерімізді көркейтуіміз керек», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кетейік, аудан басшысы Қайрат Әбдуәлиевке жоғарыда аталған кемшіліктерді жойып, қорытындысын баяндауды тапсырды.

null

null

Соңғы жаңалықтар