Сарыағаш жақтағы шекарадан ірі көлемде есірткі кіргізбек болғандар ұсталды

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі заттарының ірі партиясын Қазақстан Республикасына кіргізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2023 жылғы 6 наурызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағының «Жібек жолы» өткізу пунктінде шекара наряды шетелдіктің басқаруындағы автокөлікті тоқтатты.
Аталған көлікті тексеру барысында жанармай құятын бөлігінде жасырылған 14 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар табылды. Оның ішінде 5 келі 290 грамм героин, 792 грамм апиын және 5 келі 335 грамм гашиш, сонымен қатар 1 келі 962 грамм синтетикалық есірткі бар.




Аталған факт бойынша материал ҚР ҚК 297-бабының 3-тармағымен Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚР ҚК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
ҚР Бас көлік прокуратурасымен бірге есірткі контрабандасы арналарының жолын кесу бойынша іс-шаралар жалғасуда.





Соңғы жаңалықтар