Сарыағаш тұрғыны жерлесін пышақтап, 4 млн теңгесін алып кеткен

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Сарыағаш ауданының тұрғыны жерлесіне пышақ жарақатын салып, 4 миллион теңгесін алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні Нұр-Сұлтан қаласынан ұстады. Тінту кезінде жас жігіттен ұрланған ақшаның бір бөлігі мен басқа да айғақты заттар тәркіленді.

«Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК 192-бабының 3-бөлігі «Қарақшылық» және ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады», - дейді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.


Соңғы жаңалықтар