+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Сарыағаш тұрғыны карантин кезінде 200 адамды жинап, қыз ұзату тойын жасаған

2021 жылғы 25 ақпан 01:24
Бөлісіңіз:
Сарыағаш тұрғыны карантин кезінде 200 адамды жинап, қыз ұзату тойын жасаған

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жергілікті тұрғын 200-ге жуық адамды жинап қыз ұзату тойын жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин: Таразда 100 адамдық той тоқтатылды Қызылордада мониторинг тобы 2 үйлену тойын тоқтатты Әнші Марат Омаров той өткізген шымкенттік мейрамханаға қатысты тексеру басталды

Карантин талаптарын бұзып, отбасылық жиын ұйымдастырушыны полицейлер анықтаған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті тойханалардың бірінде қыз ұзату тойы өтіп жатқаны туралы хабарлама полицияға келіп түскен.

Осы хабарды алысымен тәртіп сақшылары мобильді топпен бірге тез арада көрсетілген мекенжайға жетіп, тексеру жұмысын жүргізген.

Нәтижесінде тойханаға 200-ге жуық адам жиналып, той өтіп жатқаны белгілі болған.

Полицейлерден құрылған мобильді топ тойды тоқтатып, қонақтарды тарқатқан.

Той иесіне ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша хаттама толтырылып, СЭББ-ға жолданған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT