Сарыағаш пен Мақтааралдың арасын жалғайтын теміржол салынады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында «Дарбаза-Мақтаарал» теміржолы салынады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдағы уақытта Мақтааралда жүгеріден 29 түрлі өнім шығаратын зауыт ашылады.

Бүгінде бұл бағытта ұйымдастыру, құжаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Жоба жүзеге асқанда жүздеген жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, Түркиядан жоғары сапалы шитті мақта тұқымын алып келу үшін келісімшарт жасалған. Бұл мақталы өңірде өсірілетін мақта сапасын арттыратыны анық.

Түркістан облысы әкімі ауданды дамыту бағытында атқарылған жұмыстармен және алдағы уақытта атқарылатын жоспарkармен таныстырды.

«Мақтааралдың әлеуеті жоғары. Мұнда еңбекқор халық тұрады. Ел Президентінің тапсырмасымен «Дарбаза-Мақтаарал» теміржолының құрылысы жүреді. Саяси шешім қабылданып, экономикалық және техникалық негіздемесі әзірленуде. Бұл бастама аймақтың дамуына тың серпін береді», – деді Дархан Сатыбалды.


Соңғы жаңалықтар