Сарыағаш пен Келес аудандарының өнімдері шет елдерге экспортталуда

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының шаруалары қысқы шілдеде еккен көкөністің өнімін жинай бастады. Сарыағаш пен Келес аудандарының диқандары еліміздің ішкі және сыртқы нарығын көкөністер және жеміс-жидектермен қамтамасыз етпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарыағаш ауданының Жартытөбе ауылдық округінің диқандары бүгінде 22 тонна орамжапырақ, 18 тонна көкөніс пен 20 тонна қияр, қызанақ өнімдері тиелген керуенді Ресей Федерациясына жөнелтті. Бұған дейін аталған ауылдан 500 тоннаға жуық көкөніс өнімдері экспортталған болатын. Аудан халқының қажеттілігінен артық өнімдер еліміздің солтүстік өңірлері мен ТМД елдеріне, сонымен қатар алыс та жақын шет елдерге экспортқа шығарылуда. Алдағы уақытта сарыағаштық шаруалар экспорттау көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

Ал, көршілес Келес ауданында «Бау Агро» құрылымының шаруалары 4 га жылыжайға қияр егіп, еліміздің мегаполистеріне жөнелтуде. Күніне 3 тоннаға дейін өнім алатын агроқұрылым жергілікті 15 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Жалпы, осыдан 4 жыл бұрын құрылған жылыжайда жыл он екі ай бойы қызанақ, қияр өсіріліп, ішкі нарыққа саудаланып келеді. Сонымен қатар Алпамыс батыр ауылдық округінің диқандары бұл күнде жергілікті климаттың ыңғайына қарай қырыққабат егуді меңгеріп алған. Бүгінде олар «Біз біргеміз» акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласына өнімнің алғашқы легін жіберді.


Соңғы жаңалықтар