+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Сарыағаш кеден бекетінде ірі көлемдегі героинмен тәжікстандық ұсталды

2019 жылғы 22 қыркүйек 01:11
Бөлісіңіз:
Сарыағаш кеден бекетінде ірі көлемдегі героинмен тәжікстандық ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Сарыағаш ауданы аумағындағы «Жібек жолы» өткізу бекетінде аса ірі көлемдегі есірткі тасымалына тосқауыл қойылды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өкілдері көлігіне героин жасырған тәжікстандықты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданының тұрғынынан 4 қап марихуана табылды Қызылордада ірі көлемдегі есірткімен БҚО тұрғыны ұсталды Минскіде есірткі таратқан 37 адамға үкім шықты

Шекара қызметінің мәліметінше, 20 қыркүйек күні кеденшілер мен шекарашыларда «Х.А.» есімді Тәжікстан азаматының автокөлігін тексеру кезінде күдік туындаған. Өйткені көлікте жасырын орын жабдықталғандығы анықталған. Тереңдетілген техникалық тексеру барысында машинаның бамперінен жасырылған спецификалық белгілері бар зат табылады. Тиісті сараптама қорытындысы бұл заттың героин екенін көрсеткен.

«Материалдар белгіленген тәртіппен тіркеліп, азамат «Х.А.»-дан тәркіленген героин және автокөлік сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу үшін құқыққорғау органдарына тапсырылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері еліміздің шекарашылары заңсыз айналымнан 120 келі есірткі затын анықтап, тәркілеген. Оның ішінде - 20 кг героин, 7 кг гашиш, 70 кг канабис шайыры және көптеген көлемде синтетикалық есірткілер бар.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT