Сарыағаш базарында 4 жасар бүлдіршін жоғалып кетті

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы орталық базарда 4 жасар бүлдіршін жоғалып кеткен. Базарға тұрмыстық заттар алуға келген әкесі әлі тілі шыға қоймаған қызынан көз жазып қалғанын байқамаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өздігінен табуға тырысқанымен, нәтиже шықпаған. Қызының жоғалғанын түсінген ол бірден көмек сұрап, полицияның «102» нөміріне қоңырау шалған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары топ-топқа бөлініп, базарға жақын және алыс аумақтарын іздестіре бастайды. Нәтижесінде екі сағаттың ішінде адасып, көшеде жылап жүрген қызды тапқан. Өз кезегінде перзентінің тез арада табылғанына қуанған ата-ана риза болып, аудан полицейлеріне және Ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Жұмат Қуанышқа алғысын жеткізген.

Соңғы жаңалықтар