+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Сарыағаш ауданының кикбоксшылары Қырғызстаннан жеңіспен оралды

2021 жылғы 10 тамыз 19:03
Бөлісіңіз:
Сарыағаш ауданының кикбоксшылары Қырғызстаннан жеңіспен оралды

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Қырғыстан Республикасында кикбоксингтен спорттық клубтар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Аталмыш чемпионатқа Сарыағаш ауданының «Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» командасы қатысып, жүлделі орындармен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, әртүрлі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Ерасыл және Нұрасыл Ергешбай жүлделі 1-орын, Бекарыс Талип 2-орын, ал, Ақарыс Талип 3-орынға қол жеткізген.

Жалпы жарысқа Сарыағаш ауданынан 5 спортшы аттанған болатын. 300-ден аса спортшы қатысқан жарыста Сарыағаш ауданының ағайынды-егіздері осылайша алтыннан алқа тағынып, жеңіспен оралды.

Табандылық танытып, Азия чемпионатында еліміздің мерейін үстем еткен жас спортшыларға ерекше құрмет көрсетілді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT