+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Сарыағаш ауданының қариялары киелі жерлерді аралады

2019 жылғы 29 қазан 00:35
Бөлісіңіз:
Сарыағаш ауданының қариялары киелі жерлерді аралады

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Сарыағаш ауданының қариялары киелі жерлерді аралады. Зейнет жасындағы аудан тұрғындары Түркістан және алаштың төртінші астанасы болған Сыр өңіріндегі киелі жерлерге сапар шегіп, онда жатқан бабалар рухына тағзым етіп қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда тұрғындары мен қонақтары қаланың киелі жерлерін аралауда Шетелде тұратын этникалық қазақтар Қазақстанның киелі жерлерін аралады СҚО-да киелі жерлердің тізімі тағы сегіз нысанмен толықты

Елдің болашағы үшін барын салып аянбай еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған сапар аудан әкімі М.Отаршиевтың мұрындық болуымен ұйымдастырылды.

Сарыағаш өңірінің ардагер-қариялары түркі әлемінің астанасы сапарларын Ахмет Яссауидің әкесі, Сайрамның солтүстік-шығысында орын тепкен- Ибрагим ата кесенесінен бастады. Сонан соң, XIX ғасырда бой көтерген Қарашаш ана кесенесіне барып, түс ауа мұсылман қауымы үшін киелі орын саналатын әрі

Алаш жұртының зиярат ететін қасиетті мекені Арыстан бабтың кесенесiне ат басын тiредi. Рухани сапар барысында кесене жанындағы емдеу қасиеті бар құдықтан су ішіп, Арыстан баб бабаның тарихымен танысты. Діттеген жерге шаршамай жеткен зияратшылар арнайы мал шалып, баба рухына құран бағыштады.

Мұнымен қоса, Қожа Ахмет асауидің және Қорқыт ата кесенелерінде болып, «Оқшы ата» мазаратын көріп қайтты. Сапар барысында қасиетті топыраққа жерленген қазақтың игі жақсыларының рухына тағзым жасады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT