Сарыағаш ауданының әкімі ауыл тұрғындарының жағдайымен танысты

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Дарбаза ауылдық округін аралап, тұрғындардың жағдайымен танысты. Жегілікті кәсіпкерлік нысандарын көріп, іскер азаматтардың ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен ауылдық округте орналасқан «Сарыағаш-Құс» ЖШС құс фабрикасының жұмысын көрген аудан әкімі кәсіпорынның алдағы жоспарларымен танысты. Аталмыш фабрикада қазіргі таңда 44 мың құс өсірілуде. 2018 жылы өндірілген өнім 7,8 млн дана жұмыртқаны құраса, алдағы уақытта оның көлемін жылына 12 млн жұмыртқаға жеткізу жоспарлануда. Қазіргі кезде құс фабрикасында 13 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұдан соң, аудан әкімі «Sharkul Food» асыл тұқымды мал шаруашылығына барып, қожалықтың атқарып жатқан жұмыстарының жағдайымен танысты.

120 бас сүт беретін iрi қара мал өсіретін шаруашылықта бүгінгі таңда 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұхит Отаршиев сапары барысында сондай-ақ, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесті. Басқосу барысында аудан басшысы ауылдық округте шоғырланған өзекті мәселелерді заң аясында шешу жолдарын талқылап, әкімі мен жауапты мамандарына жергілікті тұрғындарымен әрқашан байланыс орнату керектігін атап өтті. Өз міндеттеріне жауапты болып, халықтың өтініш пікірлерін ескеріп отыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар