Сарыағаш ауданында жылыжай көлемі 664 гектарға жетті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жылыжай көлемі 664 гектарға жетті. Ауданда ауыл шаруашылығы саласы бойынша өнім көлемі 66 млрд 705 млн теңгеге жоспарланса, бұл көрсеткіш өткен жылдың қортындысымен 77 млрд 111 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, осы аталған 664 гектар жылыжайлардан өткен жылы 132 мың тонна өнім алынған. Оның басым бөлігі қызанақ пен қияр өнімдері болып отыр. Кәсіпкерлік саласында сарыағаштық өнеркәсіп кәсіпорындарынан 27,0 млрд теңгенің өнім өндірілген. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 38,6 млрд теңгені құраған. Ал, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жалпы құны 330,0 млн теңгені құрайтын 84 жоба қолдау тапты. Жалпы құны 10,0 млн теңгені құрайтын 4 жоба грант негізінде қаржыландырылған.

Сонымен қатар, 2 млрд 220 млн теңгенің ауыл шаруашылығының негізгі капиталына және 107,3 млн теңге тамақ өнімдері өндірісіне инвестициялар тартылған. «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тарапынан ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші тұлғаларға қажетті ағын су жеткізіліп берілген.

Ал суармалы жерлерді қайта айналымға қосу және мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржы есебінен 3 каналға күрделі жөндеу, 8 канал мен 2 қашыртқыға ағымдағы жөндеу жұмыстары қарастырылды. Бұл ретте 12 шақырым канал бетондалып, 80 шақырым су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.



Соңғы жаңалықтар