Сарыағаш ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда Сарыағаш қаласының орталық көшелері мен бірқатар елді мекендердегі ішкі жолдар қалпыны келтірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, өткен жылы жалпы 24 көшенің 45,7 шақырымына орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осылайша жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 42 пайызға жеткен болса, биыл 42,8 шақырым көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен Жартытөбе ауылдық округінде 9 көшенің 19,4 шақырымына және Қабланбек ауылдық округіндегі 15 көшенің 17,8 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар А-15 автожолының 190-197 шақырымы аралығындағы 7 шақырым автожолды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Наурыз айынан басталған жол жөндеу жұмыстары шілде айында аяқталуы белгіленген болса, бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан 2 шақырымнан астам жолға асфальт төсеу жүзеге асырылған.

Соңғы жаңалықтар