Сарыағаш ауданында Тұңғыш Президент күніне орай жаңа мектеп ашылды - ОҚО

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанның Сарыағаш ауданында Тұңғыш Президент күніне орай жаңа мектеп ашылды.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметтерінше, жаңа мектепте Дарбаза ауылының 600 баласы білім ала алады.

«Бұл мектеп ауыл тұрғындарына Тұңғыш Президент күніне орай жасалған сыйлық болды. Тұрғындар мұндай білім ошағы туралы бұрыннан армандаған еді, өйткені бұған дейін балалар қолайсыз жағдайда білім алған», - деп хабарлады баспасөз қызметінен. Жаңа білім мекемесінің кабинеттері кең, сабақтарға қажетті көрнекі материалдармен жабдықталған. Жобалаушылар әрбір пән үшін соңғы озық техникамен жабдықталған бөлек кабинеттің қарастырылуын қадағалады. «Сарыағаш ауданында бұл 2014 жылы пайдалануға берілген оныншы мектеп. Ауданда барлығы 13 апатты және үш ауысыммен жұмыс істейтін 4 мектеп бар. Қазіргі уақытта тағы бес мектептің салынуы үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде», - деп атап өтілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар