Сарыағаш ауданында «Татуласу орталығы» ашылды

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында «Татуласу орталығы» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында ашылған орталық азаматтар үшін медиатордың, адвокаттың, сот атқарушысының, нотариустардың, педагог пен психологтардың, ақсақалдар кеңесі мен құқық қорғау органдарының қызметін атқаратын алаң болмақ.Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі М.Отаршиев пен аудандық соттың төрағасы Т.Машрапов, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ардагерлер мен билер кеңесі, медиатор, психологтар және жастар қатысты. Аудан әкімі М.Отаршиев өз сөзінде татуласу орталығында билер кеңесі мен заңгер, медиаторлардың, психологтардың адамдарға дауды бейбіт түрде шешу үшін қажет барлық қызметтерді біріктіріліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, соттың жұмысын жеңілдетіп, ренжіскендерді ретін тауып татуластыратын жоба екенін жеткізді.Айта кетейік, жаңадан ашылған татуластыру орталығы елге пайдалы, халық арасында түсіндіру, келістіру жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, көпшілік көңілінен шығады деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар