Сарыағаш ауданында шәкірттері ҰБТ-дан жоғары балл жинаған ұстаздар марапатталды

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында «Жаһандық құндылықтар және Қазақстандық білім мен ғылымның сапасы» тақырыбында тамыз кеңесі өтті.

Педагогтар басқосқан жиында білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістер мен өзекті мәселелер, оны шешу жолдары мен тәрбие, білім сапасын көтеру сияқты басты міндеттер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңеске аудан әкімінің орынбасары Смайл Тасқұлов пен облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы З.Алтаева, білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздар, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен ата-аналар комитет төрағалары қатысты.

Жиында мектеп оқушыларына сапалы білім алуға қажетті жағдай жасау мен білім деңгейін көтеру, мамандар әлеуетін арттыру мен білім мазмұнын жаңарту, Қазақстандық білім беру жүйесінің даму стратегиясын айқындау жайы талқыланды.

Алғы сөзді алған аудан әкімінің орынбасары Смайл Тасқұлов өткен оқу жылындағы жетістіктер мен нәтижелерді атап өтті. Білім бөлімінің басшысы Бауыржан Майрихов 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстар мен жаңа оқу жылының мақсаттары мен міндеттерін баяндады. Сондай-ақ Тамыз кеңесінде ҰБТ-дан жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген мектеп басшылары мен ауданымыздың үздік педагогтарына аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар