Сарыағаш ауданында сандық жобалар іске қосылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кездесу өтті. Жиын барысында «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның «Цифрландыру орталығы» филиалы мен Сарыағаш ауданы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облысындағы цифрландыру орталығының» директоры Асылбек Жанғұловтың айтуынша, мұндай құжаттар тың жобаларды жүзеге асыруда жаңа мүмкіндіктер береді.

«Облыста сандық форматқа көшу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, қазіргі күні денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік, транспорт және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы сияқты бес салада 27 жоба жүзеге асырылуда. Біздің филиалдың бір ай бұрын ашылғанына байланысты, әзірге, аталған құжаттарды әзірлеуге келісім берген алғашқы аудан Сарыағаш болып отыр. Алдағы уақытта мұндай келісімдер Түркістандағы барлық аудан, қалалардың әкімдігімен жасалып, жұмыстарды бірлесе атқарамыз», - деді Асылбек Жанғұлов.

Соңғы жаңалықтар