Сарыағаш ауданында Президент Жолдауы кеңінен насихатталды

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан обысы Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы Қоғамдық Диалог – Қазақстанның Тұрақтылығы мен Өркендеуінің Негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жиыны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауданның ішкі саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен және «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бастамасы негізінде өткен жиынға мәдениет саласы мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері, жастар және аудан тұрғындары қатысты. Басқосуда жиынға қатысушы азаматтар Жолдаудағы мәселелердің шешуін айқындайтын 5 бағыт бойынша баяндама жасады. Жарыссөзге шыққан аудан тұрғындары әрбір күні қарбалас тіршілікке толы тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерімізді дәріптеп, сақтап қалуға және әрі қарай дамытуға шақырды. Сондай-ақ, аталған іс-шара барысында аудан тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері де өз пікірін білдірді. «Бүгінгі жетістіктер – ортақ еңбегіміздің жемісі. Осы қол жеткен жетістіктерімізді, еліміздегі ынтымақ пен бірлікті, ұлтаралық тұрақтылықты сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау біздің міндетіміз. Мемлекет басшысының жолдауында қамтылмаған сала, айтылмаған мәселе жоқ. Сондықтан баршаңызды мемлекеттік саясатты қолдап, жолдауда межеленген тапсырмаларды бірігіп орындауға шақырамын», - деді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдияр Қозыбаев.

Соңғы жаңалықтар