+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Сарыағаш ауданында мемлекеттік бағдарламамен кәсібін бастаған тұрғындар қатары көбейді

2020 жылғы 18 қыркүйек 11:10
Бөлісіңіз:
Сарыағаш ауданында мемлекеттік бағдарламамен кәсібін бастаған тұрғындар қатары көбейді

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Сарыағаш ауданының халқы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» мемлекеттік бағдарламасының шарапатын көріп келеді. Аталған бағадарлама ауыл тұрғындары үшін кәсібін бастап, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жас кәсіпкер: 20-30 жас арасын бос өткізуге болмайды ШОБ жыл соңына дейін мемлекеттік мүлікті жалдау ақысынан босатылады Павлодар облысында жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарлама іске қосылды

Биыл ауданда аталған бағдарламаның шеңберінде 6 жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, Жылға ауылдық округі Жылға елдімекенінің көшелерінде абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ауылда жарықтандыру бағаналар мен арық-атыздар қойылып, аяқ жолдар төселуде.




Сондай-ақ, Сарыағаш қаласы мен Қабланбек, Жібек жолы, Құркелес және Қызылжар ауылдық округтеріндегі жалпы 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған. Осы жұмыстарды атқару мақсатында 186 жаңа жұмыс орны ашылса, қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығы арқылы 93 азамат жұмысты болды.

Айта кетейік, ауданда арнайы құрылған мобильдік топ елдімекендерді аралап, жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтарға елімізде іске асырылып жатқан жұмыспен қамту жол картасы жобасының бағыттары мен жұмыспен қамтылу мүмкіндіктері бойынша насихат жұмыстарын жүргізіп келеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT