Сарыағаш ауданында «Қыз ұзату» тойын жасағандарға айыппұл салынды

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сарыағаш ауданында «Қыз ұзату» тойын жасаған тұрғынға айыппұл салынды. Моблильді топ мүшелері 100-ге жуық адам жиналған тойды тарқатып, қонақтарды қайтарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, халықтың көптеп шоғырлануына жол берген әрі карантин талаптарын орындамаған тойхана иесі мен той иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Іс-құжаттар рәсімделіп, Сарыағаш аудандық СЭББ-на жолданған.

Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында аудандық АПБ қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдарынан мобильдік топтар құрылып, қарқынды жұмыс жүргізуде.

Соның нәтижесінде 1479 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жинақталған іс-құжаттар аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданған.


Соңғы жаңалықтар