Сарыағаш ауданында Халықаралық қарттар күні аталып өтті

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында 1 қазан-Халықаралық қарттар күні аталып өтті.

Аудан орталығында зейнет жасындағы ел ағалары мен ақ жаулықты аналарға арнап, дастархан жайылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан қарттарының бастарын қосқан мерекелік шарада аудан әкімі Мұхит Отаршиев сөз алып, қазыналы қарияларға ізгі тілегін арнады.

«Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер, баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ ғұмыр тілеймін»,- деді аудан басшысы.

Сондай-ақ мерекелік шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұстафа Сүлейменов, «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының бірінші орынбасары Құдірет Қыстаубаев мерекемен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен үйлесімін тапты. Дастарханның басында қарттар бір-біріне алғыстары мен құттықтауларын айтып, мерекелік көңіл мен әсем әндерін шырқады.

Соңғы жаңалықтар