Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Сарыағаш ауданында 13 нысан ел игілігіне берілді

2019 жылғы 11 қаңтар 18:30 321
Бөлісіңіз:
Сарыағаш ауданында 13 нысан ел игілігіне берілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында бір күнде 13 нысан іске қосылды. Жаңадан ашылған нысандардың ашылу рәсіміне Сарыағаш  ауданының әкімі Қайрат Аманкелдіұлы қатысып, аудан тұрғындарын айтулы қуанышпен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әуежайы терминалының қашан жаңғыртылатындығы белгілі болды Өткен жылы 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Аудан басшысы алдымен Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жаңақұрылыс елді мекенінде орналасқан 125 орындық «Айша апа» балабақшасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Балабақша құрылысы 2018 жылы басталып, 2019 жылдың қаңтар айында тапсырылып отыр. Нысанға тартылған жеке инвестиция көлемі 160 млн теңгені құрайды.  Бөбекжайда 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, орташа 45 мың теңге жалақы алады.
Сарыағаш ауданында 13 нысан ел игілігіне берілді 

Бұл күні сондай-ақ, Қапланбек оқу шаруашылығында «Ер есімі - ел есінде» атты аллея салтанатты түрде ашылды.  Аталған аллея «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қайта қалпына келтіріліп отыр. Шара барысында екінші дүниежүзілік соғысы жылдары ерлік көрсеткен жауынгерлердің рухына құран бағышталды. Осындай игілікті іс аталған аллеяның жанынан 900 орынға арналған №4 Юрий Гагарин атындағы мектептің ашылуымен жалғасын тапты.  2017 жылдың қараша айында басталған құрылыс 2018 жылдың желтоқсан айында аяқталған. Бұдан өзге, ауданда жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен медициналық тірек пайдалануға берілді.
Сарыағаш ауданында 13 нысан ел игілігіне берілді 
Сарыағаш ауданында 13 нысан ел игілігіне берілді 

Сондай-ақ, аймақта үш ауысымды мектептің саны қысқарып, Тегісшіл ауылдық округіндегі №49 М.Жұмабаев атындағы мектеп жөндеуден өтті. Сонымен қатар, Майдабозай, Бекбота, Ащыкөл, Қалғансыр, Көпқұдық, Байғабыл елді мекендерінде 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылысы аяқталған нысандар іске қосылды. Жоба бойынша 6 елді мекендегі 613 тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.


Сарыағаш ауданында 13 нысан ел игілігіне берілді  
Сарыағаш ауданында 13 нысан ел игілігіне берілді 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT