+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

«Сары» аймақтағы Атырауда коронавирус жұқтырғандар қалада көбейді

2021 жылғы 11 маусым 19:16
Бөлісіңіз:
«Сары» аймақтағы Атырауда коронавирус жұқтырғандар қалада көбейді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Сары» аймақтағы Атырауда коронавирус жұқтырғандар қалада көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавирус жұқтырған 82 бала ауруханада жатыр Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 5 адам қайтыс болды Коронавирустен емделіп жатқан 895 адамның жағдайы ауыр -ДСМ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте Атырауда 63 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан.

«Соңғы тәулікте Атырау қаласында 44 адам Covid-19 инфекциясын жұқтырды. Ал, Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 4 науқас анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданында 5 адам, Индерде – 2, Қызылқоғада – 3, Құрманғазыда – 2, Махабетте – 2, Мақат ауданында 1 адамнан қауіпті вирус табылды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір өңірде үй жағдайында 537 адам емделуге оқшауланған. Модульдік ауруханада – 131, №2 облыстық ауруханада – 102, фтизиопульманологиялық орталықта – 17, аудандық инфекциялық стационарларда 69 адам ем қабылдап жатыр. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 45 пациент емделуде.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда коронавируспен ауырған 30 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT