+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

«Сары» аймақтағы Атырау: Стационарларда 341 науқас жатыр

2021 жылғы 14 маусым 16:47
Бөлісіңіз:
«Сары» аймақтағы Атырау: Стационарларда 341 науқас жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Сары» аймақтағы Атыраудың инфекциялық стационарларында коронавирус инфекциясымен 341 науқас жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде бес күн қатарынан коронавирустан тәулігіне 800 адам көз жұмды Коронавирус жұқтырған 230 пациенттің жағдайы өте ауыр – министрлік Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 875 мыңға жуықтады

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 43 адамнан қауіпті вирус табылған. Оның ішінде Атырау қаласынан 38 науқас бар. Сондай-ақ, Теңіз кен орнында – 2, Жылыой ауданында – 1 адам, Индерде – 1, Мақат ауданында 1 адам коронавирус жұқтырған.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 11 адам емделіп шықты. Қазір 528 адам үй

Жағдайында емделу үшін оқшауланды. Модульдік ауруханада – 118, №2 облыстық ауруханада – 100, фтизиопульманологиялық орталықта – 17, аудандық инфекциялық стационарларда 64 адам емделіп жатыр. Ал, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 42 пациент жатыр» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін «сары» аймақтағы Атырауда коронавирус жұқтырғандар қалада көбейгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT