«Сары» аймаққа өткен Атырау облысында бір адам коронавирустан қайтыс болды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Сары» аймаққа өткен Атырау облысында өткен тәулікте бір адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында соңғы күндері коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны азайды. Мәселен, өткен тәулік – 7 ақпанда 23 науқас тіркелді. Атырау қаласында қауіпті вирустың белгісі 21 адамнан расталып отыр. Ал, Исатай мен Махамбет аудандарында бір-бір адамның вирус жұқтырғаны анықталған.

Бұл Атырау облысының «сары» аймаққа өтуіне себеп болған.

«Қазір 2 865 адам үй жағдайында ем қабылдау үшін оқшауланды. Ал, инфекциялық стационарларда 206 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханаға 100, аудандардағы инфекциялық стационарларға 51, фтизиопульманологиялық орталыққа 39, ал, №2 облыстық ауруханаға 15, Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында ашылған иифекциялық стационарға 1 пациент жатқызылған. Өткен тәулікте қауіпті вирусқа шалдыққан 1 науқас қайтыс болды», -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 421 науқас сауығып шықты.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырған 222 науқас инфекциялық стационарда жатқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар